Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде 18 мамыр – Халықаралық мұражай күніне орай «Мұражай – тарих айнасы» атты тарихи сағат өтті.
Шараның мақсаты – халқымыздың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін заманауи форматта танытып, музей қызметін, көрме залдарындағы ұлтымыздың ұлы мұрасы саналатын құнды жәдігерлерді кеңінен насихаттау.
Шара барысында осы бөлімнің кітапханашылары Мұражай күніне арнап ұлтымыздың бұрынғысы мен бүгінгісін, болашақ игі мұраттарын сабақтастыратын баға жетпес қазына. Біз өткенге құрметпен қарап, тарихи құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтауға міндеттіміз. Өлке тарихы мен мәдениетінің рухани ордасы болып отырған, еліміздің осынау тарихы жайлы білгісі келетін адам алдымен мұражайға келетіні анық екенін айта кете, музейдің тарихқа деген қызығушылықтарын оятып, бұрынғының естелігін сақтауға ұмтылдыратынын, Жетісу облысындағы М. Тынышбаев атындағы музейі туралы біраз деректер беріп, кітаптарына шолу жүргізді.
|